Қайдасың қасқа құлыным: оқырман конференциясы
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 2013 жылдың 17 сәуір күні Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесі желісінде оқырмандар конференциясы өтті.
Өткізілген күні: 17 сәуір, 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар: Қаладағы оқу орындарының студенттері, кітапхана пайдаланушылары. Қатысқандар саны: 50. Шараның мақсаты: жазушы Оралхан Бөкейдің повесін талдай отырып, қаламгердің шығармашылығына баулу. Күтілетін нәтиже: Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына қатысты кітапхана қорында сақталған әдебиеттер мен басылымдарды өз жұмыстарында пайдалануына ықпал ету.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 2013 жылдың 17 сәуір күні Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесі желісінде оқырмандар конференциясы өтті. Шараға бизнес колледж, көп салалы колледж, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері мен ұстаздары қатысты. Конференцияда бизнес колледжінің тілдер кафедрасының меңгерушісі Б.К.Сайлауғазинова «Қайдасың, қасқа құлыным» повесінің жазылу тарихы атты тақырыпта баяндама оқыса, кітапхананың дамыту бөлімінің меңгерушісі Қ.Нұрқасым «Оралхан рухы» жайлы сөз алып өз ойын ортаға салды. Студенттер повесті талдай отырып, әр қайсысы шығармадан алған өз әсерлерін, түйген ойларын, ерекше сезімдеріне әсер еткен оқиғаларды әңгімеледі. Повес барысында өздеріне айрықша әсер алған үзінділерін монолог оқу арқылы жеткізді. Оның ішінде педагогикалық колледж студенті Г.Тлекова, Н.Советханов, Н.Саркенова, т.б. студенттер көпшіліктің ықыласына бөленді. Мәдени шараның өту барысында шығарманы талқылауда бизнес колледж студенттері Е.Жолдыбалин, Т.Мәдениет, А.Ысқақова, А.Жақаева, Р.Мұратхан, Н.Қасенова, Н.Абдилманова және де көп салалы колледж студенті С.Серікқазы т.б. белсенділік танытты. Оралхан Бөкеевке арналған жыр жолдары оқылды, слайд арқылы экраннан жазушының кітаптары, суреттері беріледі. Конференцияда қатысушыларға қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы Оралхан Бөкейдің өмірінен оқырманға белгісіз беттері туралы айтылып, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматыққа баулу туралы сөз болды. Мәдени шарада «Өр Алтай, асқақ Алтайдың жыршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қаламгердің қаламынан туындаған «Өз отыңды өшірме» «Қайдасың қасқа құлыным», «Қамшыгер», «Құлыным менің» ,«Үркер ауып барады» пьесалары сияқты бірқатар проза мен драма саласында жазылған шығармалары, әдеби-сын еңбектері, сонымен қатар, әдебиеттанушылардың жазушы шығармаларына берген бүгінгі зерттеу еңбектері қойылды. Кітап көрмесіне 19 кітап, 10 басылым беттеріне жарияланған материалдар қойылды.