Мерейтой – кітаптар 2017: кітап көрмесі
8 ақпан күні Абай атындағы кітапханада «Мерейтой – кітаптар 2017» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көпшілік оқырман қауымға ұсынылды. Адамдар сияқты, кітаптардың да туған күндері, атаулы мерейтойлары бар. Кітап көрмесіне 2017 жылғы мерейтойлық басылымдар енді. Атап айтсақ: Н.В Гогольдің «Вечера на хуторе близ Диканьки» (185 жыл), Г. Флобердің «Госпожа Бовари» (160 жыл), Г. Бичер-Стоудың «Хижина дяди Тома» (165 жыл), Ф.М. Достоевскийдің «Преступление и наказание» (150 жыл), Шәкәрім Құдайбердіұлының «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық» өлеңіне (140 жыл), Мұхтар Әуэзовтың «Еңлік-Кебек» пьессасына (100 жыл), Э. Хэмингуэйдің «Старик и море» (65 жыл), А. Н. Стругацкий мен Б. Н. Стругацкийдің «Пикник на обочине» (45 жыл), Ілияс Есенберлиннің «Алтын құс» шығармасына (45 жыл) және тағы басқалар.
Кітап көрмесіндегі 710 жыл бұрын жазылғын Данте Алигьери «Божественная комедия» шығармасына аса құрмет көрсетілген. Ал 30 жыл бұрын жарыққа шыққан Берқайыр Аманшиннің «Махамбеттің тағдыры» шығармасы «ең жас» туынды болып табылады. Бұл туындылар өмірдің сан қилы сынынан өткен. Өз оқырманын тапқан әр шығарманың өз мінезі, өз тағдыры, өз дара жолы бар. Кітап көрмесіне барлығы 42 мерейтойлық басылым қойылған.