Конституциялық реформаларды талқылау: дөңгелек үстел
Ақпан айының 14-ші жұлдызы күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі 2017 жылғы 25 қаңтардағы үндеуін талқылау аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Шараға қалалық әкімияттың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мәдениет қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Шараның модераторы Ж.Ж.Жибраева конституциялық реформалардың мақсат, міндеттері жайлы сөз қозғады. Президент атап өткендей: «Бұл реформа, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Ұсынылған реформаның мәні – билік өкілеттілігінің қайта бөлінуінде, саяси жүйенің толықтай демократиялануында», деді. Шараға қатысушылар алдағы конституциялық реформаларды өткізуді толық қолдады және барлық қазақстандықтарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.