Отбасы және отбасылық құндылықтар: ақпараттық сағат
14-15 ақпан күндері Абай атындағы кітапхана «Жанұя орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп, Семей қаласының өрт сөндіру бөлімінде «Отбасы және отбасылық құндылықтар» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Кездесу барысында ата-ананың баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім алып жетілуіне ықпал етіп, балалардың интернеттен тиімді, пайдалы ақпарат алуын қадағалау міндеттері, түрлі экстремистік, эротикалық, Отанға, қоғамға нұқсан келтіретін ақпараттардан қорғау туралы ақпараттар берілді. Шарада «Менің байлығым – менің отбасым» атты кітап көрмесі жасақталып, шолу жасалды. Көрмеге ерлі-зайыптылар арасындағы үйлесімді қарым-қатыныас, ата-ананың рөлі, бала тәрбиесі төңірегінде кітаптар ұсынылды. Атап айтсақ: Ю. Гиппенрейтердің «Самая важная книга для родителей», З. Шаукенова, Г. Соловьева, Е. Бурованың «Отбасы институты – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы» («Институт семьи как фактор стабильности казахстанского общества»), А. Толокониннің «Секреты успешных семей» кітаптарына ерекше назар аударылды. Көрмеге барлығы 25 кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.