Я всем поверженным и угнетенным друг..: әдеби дежавю
Ақпан айының 23 жұлдызында Абай атындағы кітапханада Франция елінің ұлы ақыны, әрі ұлы жазушысы Виктор Гюгоның туғанына 215 жыл толуына орай «Я всем поверженным и угнетенным друг…» тақырыбында «Диалог» әдеби салонының кезекті отырысын өткізілді. Шараның мақсаты: француз елінің ірі романтигі, француз романтизмінің негізін салушы Виктор Гюгоның өмірі мен шығармашылығын дәріптеу. Бұл жыл сонымен бірге жазушының өзі «жан эпосы» атаған «Аласталғандар» атты үш кітаптан тұратын роман-триллогиясының шығуына 155 жыл толуымен ерекшеленеді. Шара барысында романның шығу тарихын жан-жақты талқыланып, романның басты кейіпкерлерін жеке-жеке таныстырылды. Гюгоның шын мағынасындағы гумманистік бейнесі жазушының «Аласталғандар» романынан жарқырай көрінді. Бұл романды оқып шыққан адамның таңғажайып сезімнің әсеріне бөленіп, рухани толғанысқа түспеуі мүмкін емес. Жан-Валжан мен Фантинаның бейнесі асқан шеберлікпен сомдалған. Қызын құтқару үшін амалсыздан тәнін сатуға мәжбүр болған Фантинаның жан дүниесі қандай сұлу еді? Он тоғыз жыл түрмеде отырып шықса да адамгершілік қасиетін жоғалтпаған Жан-Валжанның жүрегінің кіршіксіз тазалығына еріксіз сүйсінесің. Шара соңында 2012 жылы экрандалған «Аласталғандар» мюзиклін, жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында слайдты және «Бүкіл Франция оның романдарында» тақырыбында жасақталған кітап көрмесін тамашалады.