Жолдаудың негізгі бағыттары «Үшінші жаңғырту – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі»: жедел мінбе
2017 жылдын 27-ші ақпанында кітапхана қызметкерлері Семей аймақтық гарнизонының әскери полиция отрядында «Үшінші жаңғырту – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» тақырыбында жедел мінбе өткізді. Шара барысында Жолдаудың басым бағыттары түсіндіріліп, Жолдаудағы Президенттің баса назар аударған Үшінші жаңғыртудың бес негізгі бағыты: экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту; бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; макроэкономикалық тұрақтылық; адами капитал сапасын жақсарту; институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күрес; тақырыптарына толығырақ тоқталынды.
Әскери қызметшілер діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу мәселелеріне және киберқылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне ерекше назар аударды.
Шара соңында әскери қызметшілер Қазақстан халқымен бірге Елбасы Жолдауын барынша қолдап, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосатындықтарын айтып, Жолдаудан алған әсерлерімен бөлісті.