Ер кәсібін игерген арулар: фотокөрме
Абай атындағы кітапханада 5-11 наурыз аралығында 8 – Наурыз мерекесіне орай «Ер кәсібін игерген арулар» тақырыбында нәзік жандылар үшін дәстүрлі емес мамандықтарды игерген нәзік жандар туралы фотокөрме өткізілуде. Фотокөрменің мақсаты: ерлердің мамандығы болып саналатын мамандықтарды игерген әйелдердің рөлдік моделін көрету, жас қыздарды мамандық таңдап, кәсіптерін меңгеруге шабыттандыру, қазақстандық табысты әйелдердің өмір жолдары арқылы гендерлік стереотиптерді азайту. Көрмеге ұшқыш, инженер, боксшы, троллейбус жүргізушісі, футболшылардың құқықтарын қорғаушы заңгер, футболшы және т.б. әйелдер үшін дәстүлі емес мамандықты таңдаған әйелдердің суреттері қойылған. Көрмені ұйымдастырушылар: БҰҰ-әйелдер және Қазақстандағы жастардың ақпараттық қызметі. Көрме өз жұмысын 5-11 наурыз аралықтарында жалғастырады.