Жануарлар біздің ауламызда: кітап көрмесі.
13 наурыз 2013 жылы «Жануарлар біздің ауламызда» атты кітап көрмесінің тұсаукесері болып өтті. Қосалқы шаруашылық бүгінгі күні жанұя бюджетіне қосымша табыс беруде.
Өткізілген күні: 13 наурыз 2013 жыл. Өткізілген орны: кітапхана. Қатысушылар саны: 15 адам. Іс-шараның мақсаты: үй жануарларын өсіруші әуесқойларға ақпараттық көмек беру. Күтілетін нәтиже: мамандардың берген кеңесі бойынша үй жануарларын күтіп өсірудің қыр-сыры мен білімін көтеру.
13 наурыз 2013 жылы «Жануарлар біздің ауламызда» атты кітап көрмесінің тұсаукесері болып өтті. Қосалқы шаруашылық бүгінгі күні жанұя бюджетіне қосымша табыс беруде. Егер қосалқы шаруашылықты дұрыс және ақылмен ұйымдастыратын болсақ, онда ол жеке шаруашылыққа үлкен табыс әкеліп қана қоймай, сонымен қатар мемлекетке де үлес қосады.
Тұсаукесер кезеңінде оқырмандар кітап көрмесінің «Үй құстары», «Үй жануарлары», «Біздің үйдегі жануарлар» атты бөлімдерімен танысты. «Үй құстары» бөлімінде келесідей авторлардың Н.А. Горюновтың «Домашняя птица в приусадебном хозяйстве», «Приусадебное птицеводство», А.А. Осадчидің «Аула сәңі құс болар…», В. Абакумовтың «Үй құстарын өсіру», Д.А.Ковиньконың «Құс өсірушіге кеңес» және т.б. кітаптары ұсынылды. Тұсаукесер барысында оқырмандарға Шығыс Қазақстанның климаттық жағдайына қарай: тауық, қаз, үйрек, күркетауық, көгершін сияқты үй құстарының кейбір тұқымдарын өсіру мүмкіндігі туралы және оларды көректендіру, өсіріп бағу, үй жағдайында қыста бағып-қағу сияқты ақпараттар берілді.
Кітап көрмесінің «Үй жануарлары» бөлімінде оқырмандар қолда өсірілетін үй жануарларын будандастыру және бағып күту жайындағы ақпараттармен таныс болды. «Разведение домашних животных», Б.Е. Портникованың «Домашнее животноводство», И. Жұмағұлованың «Түей өсіру», Қ. Сәбденованың «Төрт түлік», А.Ә. Төреханованың «Ірі қара шаруашылығы» т.б кітаптарына ерекше назар аударылып өтті, яғни бұл басылымдардан жануарларды өсірушілер үй жануарларын қоректендіру, бағып өсіру жайындағы ақпараттармен хабардар болады және қосалқы шаруашылықтан алынатын азық-түлік түрлері, әр-түрлі азық түрлерінің құрамы, дайындау тәсілдерімен, азықтандыру барысы жайында тәжірибелік кеңестер алады.
«Біздің үйдегі жануарлар» атты кітап көрмесінің бөліміндегі үйде өсірілетін иттер, мысықтар, тотықұстар және т.б. туралы мәліметтер оқырмандарға ерекше қызығушылық тудырды.
Студенттер иттердің адамдардың көңіл күйін бірден түсінетіндігі, мысықтардың адамдардың ауыратын жерлерін емдей алатын қабілетін, сөйлегіш тотықұстардың жиі айтатын сөздері, әуендері т.б. жайында қызықты ақпараттармен таныс боды.
«Жануарлар біздің ауламызда» атты кітап көрмесі кітапханада ашылған күннен бастап бір ай мерзімде оқырмандар назарына ұсынылады.