Кітап тамшылары: көрме – инсталляция
23 сәуір күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері 23 – сәуір Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай балдырғандардың ой-өрісін кеңейту, кітап оқуға қызықтыру мақсатында «Кітап тамшылары» атты жаңа форматтағы көрме – инсталляцияны оқырмандар назарына ұсынды.
Кітап – инсталяциясы – бұл тек басылымдардан жасалған қайталанбас кітап шығармасы ғана емес, сонымен қатар, ол – адам мен кітаптың қарым-қатынасы жайлы философиялық ой қазынасы.
Сиқырлы және таңғажайып оқиғалар әлемін бейнелейтін әлемге танымал ұлы ертегішілердің туындыларымен, өздеріне бала кездерінен таныс «Үйшік», «Қасқыр мен қоян», «Алдар көсе», т.б. ертегілер, «Табиғат ғажайыптары», «Хандар мен батырлар» сынды танымдық энциклопедиялармен, ойыншықтар, шарлармен безендірілген кітап тамшылары оқушылардың ерекше назарын аударды. Сергіту сәтінде балалар «Қара жорға» биін нақышына келтіре билеп, «Қазақстан барысы» атты мультфильмді тамашалады. «Менің елім – Қазақтсан» тақырыбында әңгіме – викторинаға, сөзжұмбақтарға қатысып, лайықты сыйлықтарын алды.
Шараға қатысқан №31 орта мектептің 2 сынып оқушылары мен оқырмандар кітапханаға жазылуға, кітап оқуға ниет білдіріп, ризашылықтарын білдірді.