Сыйға берілген кітаптар: кітап көрмесі
Дәстүрге айналған Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күнін тойлау аясында 22 сәуір күні Абай атындағы кітапханада «Сыйға берілген кітаптар» тақырыбында кітап авторларының сыйға берген кітаптарынан көрме жасақталды. Бұл дүниелер – кітапхана үшін өте қымбат сый. Бұл адамдар – ерекше қасиетті, жомарт, жоғары азаматтық ұстанымы бар, кітапхананың жанашыр жандары. Мұқабадағы автордың қолтаңбасы басылған рухани қазына, одан әрі бағалы. Кітаптардың авторларының көбі жергілікті ақын–жазушыларымыз: Ә.Сәдуақасұлының «Қабанбай – хан ұраны», «Әдет- ғұрып, салт-дәстүр», Т.Ибрагимовтың «Жер әңгімеші…», «Оймен оңаша», О.Кәрібжановтың «Өмір өрнектері», Е.Асылбектің «Ақ құдық», «Көгілдір менің биігім», Ш.Қалиақпаровтың «Адольф Янушкевичтің ізімен», С.Тәбәрікұлының «Жүрек сөйлейді», Ғ.Есімовтың «Хакім Абай», М.Иманжапардың «Халық ақыны – Сапарғали Әлімбетов», Д.Сейсенұлының «Ядролық сынақ аймағы: кеше және бүгін», М. Сәрсекнің «Семипалатинская трагедия», «Повести молодых лет», «Через тернии», «Планета Сатпаева», М. Сұлтанбековтың «Иртышский остров», «Чайка Прииртышья», «Абай и Шакарим в 21 веке», В. Кобриннің «Семипалатинская трагедия. Пацифистский сборник», А. Кузнецовтың «Лодочный остров», «Отраженный свет», «В ритме солнца», «Вершины и бездны», К. Байгужиновтың «Свобода», «Красные ренегаты», В. Зубовтың «Вечный спор», «Мироощущение», «100 стихов о любви», Д. Қуандықовтың «Здравствуй, город!», Қ. Қиықбайдың «Көктемдегі көлеңке» Е. Куанышеваның «Ярость самурая» және т.б. Шара барасында кітапхана пайдаланушыларына осы шығармалар бойынша шолу жасалынды.
Кітап авторларына алғысымызды білдіріп, шығармашылық табыстар тілейміз.