Компьютер негізі және Windows қосымшалары
2017 жылдың 18-25 сәуір аралығында зейнеткерлерге арналған «Компьютер негізі және Windows қосымшалары» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: қазіргі дербес компьютерде жұмыстың практикалық дағдысын беру және компьютерді пайдалы және тиімді пайдалану мүмкіндігіне тарту. Тренинг тыңдаушылары – қоғамдық жұмыспен айланысып жүрген белсенді зейнеткерлер. Олар компьютермен жұмыс істеудің негізін, Word бағдарламасының көмегімен құжаттарды құруды үйренді және Windows пен Microsoft Office бағдарламалық қосымшаларының жұмысымен танысты. Алынған білімдер өздерінің қоғамдық жұмыстарын құру және әдемі рәсімдеуге көмектеседі.