Ынтымақ, Бірлік, Келісім – ең басты байлық ел үшін!: кең көлемді кітап көрмесі
27 сәуір күні Абай атындағы кітапханда 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Ынтымақ, Бірлік, Келісім – ең басты байлық ел үшін!» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырылды. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
Қазақстан халқы үшін бұл мерекенің орны бөлек. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығы негізінде Елбасы жанынан кеңесші-қатысушы орган ретінде дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Қала тұрғындары мен қонақтары көрмеден «Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 10 жыл», «Қазақстандағы этносаралақ қатынастар мәселелері», «Казахстан и страны мира», «Сто народов, сто языков», «День мира», «Республика Казахстан: 20 лет прогресса и стабильности» сынды кітапхана қорындағы көркем суретті альбомдармен, басылымдармен, ғаламтордан алынған ақпараттармен, мерзімді басылымдар беттерінен жарияланымдармен танысып, ұлттар мен ұлыстардың бірлігі, салт-дәстүрлері мен мәдениеті жайлы ақпараттар алды. Көрмеге 55 кітап және мерзімді басылымдардан тың деректер ұсынылды.