Кешегі Алаш – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан: танымдық сағат
Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 28 сәуір күні №47 орта мектептің 9 сынып оқушылары үшін «Кешегі Алаш – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыпта Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толу мерейтойы аясында танымдық сағат өкізді.
Шара барысында кітапханашы мамандар «Алаш» электронды кітапханасымен таныстырып, Семей қаласының Алаш үкіметінің орталығы болғандығын, ұлт қайраткерлерінің еліміздің болашағы үшін атқарған қоғамдық қызметтері жайында айта отырып, электронды кітапхана бойынша іздеу жүйесімен таныстырды.
Шараның басты мақсаты халқымыздың біртуар перзенттері, ұлт көсемдері мен қоғам қайраткерлерінің ұлтымыздың рухани қазынасына қосып отырған асыл мұраларын, олардың өнегелі істерін жастар санасына сіңіріп және алаш қайраткерлерінің рухтарына тағзым ету болып табылады.
Шараға қалалық аналар алқасының төрайымы Нағима Мойынбаева
мен журналист Рахат Алтай қатысып, Алаш қозғалысының негізгі идеясы -демократиялы қоғам қалыптастырып, мемлекет құру болатын. Алаш идеясы ұлттық бірігу тұжырымдамасына алып келді. Олардың мақсат-мүддесі, кешегі Алаш арыстарының арман-тілегі Елбасы мақаласымен астасты,- деп атап көрсетті. Шара соңында «Қайнар» колледжінің студенттері алаш қайраткерлерінің өлеңдерін оқыды.