Мереке қарсаңындағы марапаттау!
Абай атындағы кітапханада 5 шілде жағымды жаңалықпен басталды. Кітапхана директоры Жигитбаева Г.Т. әріптестерін еліміздің басты мерекелерінің бірі – «Астана күнімен» құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар кітапхана қызметкері Парфенович Марина Ивановнаны кітапхана ісі және кітап мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін Астана қ. ҚРҰАК «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісімен марапаттады. Марина Ивановна өз маманының шебері ғана емес, сонымен бірге кітапханадағы әр түрлі клубтық жұмыстарды ұйымдастырушы. Марина Ивановна өзінің кәсіпқойлығымен, жауапкершілігімен, кітапханадағы жаңа технологияларды білуімен жас мамандарға үлгі болатын маман. Кітапхана ұжымы Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілей отырып, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің өркендеуіне, өсуіне үлкен үлес қоса беруіңізге шынайы тілектестігін білдіреді. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем бола берсін!