Кітапхана қонағы
ҚР Парламант Мәжілісінің ІҮ және Ү шақырылымдарының депутаты Соловьева Айгуль Сагадибековна 11 шілде күні Абай атындағы кітапхананың қонағы болды. Біздің мейман кітапхананың тарихын, Абайдың рухани орталығын тамашалады. Айгуль Сагадибековна кітапхананың фондтық қорына таң қалып, ХҮІІІ ғасырдың басы мен ХХ ғасырды қамтитын қол жетпес деректердің сапалы сақталуын сөз етті.
Кездесу соңында Соловьева А.С. кітапхананың қызметкерлеріне экскурсияның тамаша өткенін айтып, алғысын білдірді. Кітапханаға келушілерге өте жоғары деңгейде жағдай жасалғандығын, өлкенің тарихи және мәдени мұраны сақтауы мен насихатталуы жайлы кітапхананың пікір кітабына естелігін қалдырды.