Құттықтаймыз!
Әріптестеріміз библиограф Зағия Төлеуғазықызы Мағауина мен әдіскер Мальцева Ольга Феодосьевна үлкен марапатқа ие болды.
Зағия Төлеуғазықызы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» кеуде белгісімен, Ольга Феодосьевна ШҚО ішкі істер департаменті Семей қаласы ішкі істер басқармасының грамотасымен марапатталды. Бұл марапаттар әріптестеріміздің қаламыздағы әскери бөлімшелермен тығыз әріптестік қарым-қатынаста жұмыс атқарып, Елбасы Жолдауы мен Тәуелсіз еліміздің жетістіктерін таныстырып, жастарға патриоттық тәрбие беруде жасаған көп жылғы еңбектерінің жемісі.
Әріптестерімізге зор денсаулық, толағай табыс, шығармашылық шабыт тілейміз!