Демалыста кітап оқуды ұмытпа: библио орындық
26 шілде күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері кітапхана алаңында «33 пингвино» балабақшасының тәрбиеленушілеріне «Демалыста кітап оқуды ұмытпа» атты библио орындық ұйымдастырды.
Жаз кеше ғана басталған сияқты еді, ал бүгін күнтізбеде 26 шілде де болып қалды. Олай болса, кітапханаға келетін уақыттың дәл кезі… Ашық аспан астында кішкентай бүлдіршіндерге баланың тілін, танымын, қиялын дамытатын, кітапқа деген қызығушылығын арттыратын «Аруна» баспасынан шыққан «Ашылмалы кітапша» топтамаларының түрлі – түсті кітаптары ұсынылды. Қазақ, орыс және шетел жазушыларының ертегілерімен, әдемі ойыншықтармен жасақталып көкемделген кітап көрмесі балаларға кітап кейіпкерлермен бірге ғажайып әлемде жүргендей әсер қалдырды. Бүлдіршіндер ертегілерді тыңдап, кітаптарды қызықтап, қана қоймай, әр түрлі қозғалмалы ойындарға белсене қатысып, өздерінің қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Шара барысында бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, жақсы әсер алып қайтты. Шара соңында балалар кітапханаға жазылуға ниет білдіріп, балалар әдебиеті бөлімі жаңа оқырмандармен толықты.