Word бағдарламасының негізі: тренинг
2017 жылдың 7-11 тамыз аралығында зейнеткерлерге арналған «Компьютер негізі» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: қазіргі дербес компьютерде жұмыстың практикалық дағдысын беру және компьютерді пайдалы және тиімді пайдалану мүмкіндігіне тарту. Тренинг тыңдаушылары – қоғамдық жұмыспен айланысып жүрген белсенді зейнеткерлер. Олар компьютермен жұмыс істеудің негізін, Word бағдарламасының көмегімен құжаттарды құруды үйренді және Windows пен Microsoft Office бағдарламалық қосымшаларының жұмысымен танысты. Алынған білімдер өздерінің жеке және қоғамдық ортадағы өмірлерін жаңартуға көмектеседі деп сенеміз.