«Алғысым шексіз халқыма»: өзекті басылымдар көрмесі
1 наурыз – бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі – Алғыс айту күні. Елбасы 1-наурыз күнін Қазақстанда Алғыс айту күні деп бекітті. Атаулы күнге арнап бір шаңырақ астында тұратын барлық этностардың бір-біріне деген мейірбандылығы, өз туғанындай қабылдаған қазақ халқына деген алғысы жайлы мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалалар қойылған «Алғысым шексіз халқыма» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы: алғышқы қадамдар», К.Сәттібайдың «Менің елім», Ә.Сәдуақастың «Әдет – ғұрып, салт – дәстүр», «Доверие, традиции, транспарентность, толерантность» көрменің ең қызықты кітаптары болса, мерзімді басылымдар беттерінде алғыс айту күніне арналған әдістемелік сабақ жоспарлары, өлеңдер, этномәдени орталықтарының қызметтері жайлы мақалалар оқырман қызығушылығын тудырды.