Ел жүрегі – Астана: кең көлемді кітап көрмесі
Еліміздің ішкі тұрақтылығы мен тыныштығын, ынтымағы мен бірлігін дәріптеу мақсатында 27 сәуір күні “Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы мен Семей қалалық Достық үйінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астананың 20 жылдық мерекесіне орай «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шараға Абай атындағы кітапхана да ат салысып Бейбітшілік және келісім сарайы, Бәйтерек сынды сәулет өнерінің қайталанбас туындылары елшілік, достық пен ынтымақтың нағыз нышандары болып табылатын Астананың бүгінгі келбетінен мағлұмат беретін «Ел жүрегі – Астана» атты кең көлемді тақырыптық кітап көрмесін қала тұрғындарының назарына ұсынды.
Мерекелік шараға қаламыздағы «Айша – бибі», неміс, татар,өзбек ұлттық-мәдени орталықтарының қатысуымен мұражай аумағында сәндік – қолданбалы өнерінен көрме ұйымдастырылып, әндер шырқалып, би биленді.
Ұйымдастырушылар тарапынан шараға ат салысқан қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.