Әлем әдебиетінің қанатты сөздері мен фразалары: танымдық сағат
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы елімізде жыл сайын 18 қазанда дәстүрлі түрде аталып өтетін Рухани келісім күнімен де тікелей байланыста көрініс табады. Аталмыш күнге орай Абай кітапханасы өз пайдаланушыларына арнап «Әлем әдебиетінің қанатты сөздері мен фразалары» атты танымдық сағатын ұйымдастырды. Іс-шара барысында Рухани келісім күнінің мәнісі мен мағынасы түсіндіріліп, қатысушыларға өз ойларын білдіру үшін түймедақ гүлінің жапырақтары іспеттес пішіндер үлестіріліп, нәтижесінде ынтымақты білдіретін әдемі гүл құрастырылды. Рухани келісім күнін толық тұрғыда тани түсу үшін әлем әдебиетінің алыптары А. Құнанбаев, Л.Толтстой, С.Смайлс, М.Әуезов және т.б. келісім мен достық туралы қанатты сөздерін арқау ете отырып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Іс-шара соңында сұрақ-жауап пен әртүрлі байқау ойындарында белсенділік танытқан Шәкәрім атындағы Семей университеттің студенттері Әнуарбек Айдын мен Жолдина Дианаға кітапхана атынан жерлес жазушымыз М.Сәрсекенің «Бекмаханов» кітабы табысталды.