Word бағдарламасының негізі: тренинг
2018 жылдың 25-30 қазан аралығында компьютер негізі және Windows қосымшалары бойынша тренинг өткізілді. Мақсаты: қазіргі дербес компьютерде жұмыстың практикалық дағдысын беру және компьютерді пайдалы және тиімді пайдалану мүмкіндігіне тарту. Тренинг тыңдаушылары компьютермен жұмыс істеудің негізін, Word бағдарламасының көмегімен құжаттарды құруды үйренді және Windows пен Microsoft Office бағдарламалық қосымшаларының жұмысымен танысты. Алынған білімдер өздерінің жеке және қоғамдық ортадағы өмірлерін жаңартуға көмектеседі деп сенеміз.