История. Память. Люди: кітаптың таныстырылымы
1 наурыз күні Абай кітапханасында Семей қаласының еврей мәдени орталығының өкілі, еңбек ардагері және жергілікті газеттердің штаттан тыс тілшісі Геннадий Львович Кацтың «История. Память. Люди» атты көп томдық жинағының тұсаукесері болып өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында және еврей мәдени орталықтарында ғана сақталған және шектеулі таралымен шыққан жинақ құнды басылымдардың бірі болып табылады. Кітапхананың қорына Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Мицва» еврей халқының Ассоциациясы және Семей қаласының Еврей мәдени орталықтары бірлесіп «История. Память. Люди» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысы бойынша шыққан көп томдық жинақты сыйға тартты.
«Мицва» ассоциациясының ұсынысы бойынша бұл жинақтарды қала тұрғындары және оқу орындарының студенттерімен тығыз байланыста қызмет жасап келе жатқан Абай кітапханасының қорына сыйға тарту туралы шешім қабылданған. Қазақстан халқының көп ұлтты құрамын және этностардың қалыптасу тарихын бейнелейтін материалдар жинағы тоғыз томды қамтып отыр. Жинақта Қазақстанға көшірілген және жер аударылған көптеген адамдардың тағдыры суреттеледі. Көп томдық жинақты «Мицва» қауымдастығының атынан Семей қаласының еврей мәдени орталығының өкілі, еңбек ардагері және жергілікті газеттердің штаттан тыс тілшісі Геннадий Львович Кац табыс етті.
Шара соңында кездесуге қатысушылар мен «Прииртышье» өлкетану қоғамының қызметкерлерінің назарына ивритше ән шырқалды.