Үш бәйтерек: кітап көрмесі
30 сәуір күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында ұлытымыздың үш бәйтерегі Б.Майлин, С. Сейфуллин, І.Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Үш бәйтерек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
1894-1938 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың біртуар қаламгерлерін ұрпағы ұлықтап «Қазақтың үш бәйтерегі» деп атады. Кітап көрмесін тұрақты оқырмандар және қаламыздағы №49 мектептің 7 сынып оқушылары тамашалап, ал кітапхана қызметкерлері шолу жасады.
Аталмыш шарада қазақтың қайталанбас алыптары Ілияс, Сәкен, Бейімбет сынды ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығынан ақпарат беріліп, қызықты дәйектер келтірілді.
Аталмыш шарада жазушылардың әр жылдарда жарық көрген шығармаларымен, туындылары қойылды.
Оқырмандар назары І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы, С. Сейфуллиның «Тар жол тайғак кешу» романы, Б. Майлинің «Шұғаның белгісі» повесі, «Үш Арыс 1894-1938» т.б. кітаптарына ерекше ауып, әңгіме осы шығарылымдар туралы өрбіді.