Кітапхананың бастапқы есепке алу құжаттары. Кітапхана жұмысында инновациялық әдістерді пайдалану: кәсіби біліктілікті шыңдау курсы
Кітапхана мамандарының кәсіби дәрежесін көтеруде, білімдерін үздіксіз жетілдіруде семинар-тренингтер, біліктілікті көтеру курстары, әріптестермен тәжірибе алмасу ерекше орын алады.
2016 жылдың наурыз айының 15-16-шы жұлдызы аралығында Абай атындағы кітапханаға қарасты аймақ кітапханаларының мамандары «Кітапхананың бастапқы есепке алу құжаттары. Кітапхана жұмысында инновациялық әдістерді қолдану» тақырыбында Абай, Абыралы, Бородулиха ауданынан, Мұқыр ауылдық кітапханасынан жиыны 10 маман кәсіби біліктілігін шыңдау курсынан өтті.
Аталмыш тақырыпқа байланысты теориялық дәрістер жүргізіліп, шеберлік кластары өткізіліп, тәжірибе алмасу шаралары жүзеге асырылды.
Курс барысында алынған білім мен тәжірибе кітапхана қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін көтеруіне ықпал етіп, аймақ кітапханаларының инновациялық тұрғыдан ары қарай дамуына зор мүмкіндік береді,- деген тілекпен мамандарға үлестірмелі материалдар таратылып курс өз жұмысын аяқтады.