Құжаттарды кәсіби түрде безендіру: тренинг
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Интернет орталығында 2016 жылғы 29-30 наурыз аралығында Семей аймағының кітапханашыларына арналған тәжірибелі тренинг өткізілді.
Шараға 8 кітапхана қызметкерлері қатысты. Қатысушылар тренингте компьютер технологиясын меңгеріп: мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізу, құжаттарды кәсіби жасау жұмысымен және Windows операциялық жүйесінің Ms Excel қосымшасымен танысты. Кітапханашылардың тренингтен алған білімдерін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмалар және тест жүргізілді. Қатысушылар тест қорытындысы бойынша алған білімдерін жақсы көрсете алды. Күтілетін нәтижеміз – кітапхана қызметкерлерінің компьютерлік білім деңгейлерінің дамуына ықпал етуі – орындалды. Тренинг қатысушылары кітапханалық қызметіне қажетті компьютерлік білімді ала алғандарына алғыс айтты.