Жер күні: экологиялық сағат
Жер, жалпы табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – баршамыздың міндетіміз. «Жер күні» атты экологиялық сағат осы міндеттерді қолдауға бағытталған. Кітапхананың ең кішкентай пайдаланушыларына 25 сәуірде «Жер күні» экологиялық сағаты ұйымдастырылды.
Жер күні мерекесіне қаламыздағы жалпы білім беретін №6, 31, 11, 38, 37 мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Іс-шараны Абай кітапханасы, «Исток» балалар мен жасөспірімдер орталығы және педагогикалық колледж студенттерінің волонтерлары бірлесіп өткізді.
Экологиялық мейрамды бүкіл әлем елдері атап өтеді. Семейде бұл мейрам сәуір айы бойы «Саябақ шеруі» акциясы аясында өтіп келеді. Іс-шара барысында оқушылар экология тақырыбындағы «Құстар», «Ақ қайың» «Жаңбыр» әңдерін шырқап, үш тілде қойылған «Мақтақыз және мысық» ертегісінен сахналық көріністерді көрермендер назарына ұсынды. Сонымен қатар оқушылар викториналық ойындарға қатысып, экологияға байланысты мақал-мәтелдер айтудан сайысқа түсті. Іс-шара соңында әуесқой геоботаник, туризмнің құрметті азаматы, ұстаз А.П.Шериннің фотосуреттерінен көрме ұйымдастырылып, шолу жасалды.