Мәңгілік Ел- мәңгілік мұрат: әдеби сазды кеш
18 мамыр күні Абай атындағы кітапхананың «Поэзия бұлағы» ақындар клубы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап, «Мәңгілік Ел- мәңгілік мұрат» атты әдеби сазды кеш өткізді.
Шараның жыр пердесіне жиналған жастар «Жасай бер, Елім» әнімен ашып, жас ақындар: Н.Орынбаев, Н.Құрбаева, Е.Қабыкенов, А.Мейірханова, Қ.Бақырбаев, Д.Ернарқызы, Ж.Ғалымова «Мәңгілік ел» тақырыбындағы жыр шумақтарын ортаға салды. Кешке қаламыздың Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің, «Қайнар», «Авиценна» колледждерінің студенттері қатысты.Сондай-ақ, шараға қатысушыларға «Менің елім – Мәңгілік ел» атты слайд шоу көрсетіліп, жастар еліміздің өткені мен ертеңі, болашағы жайында өз көзқарастарын ортаға салды.
Аталмыш шарада «Тарихыңды біле жүр!» атты ойын ұйымдастырылды.Іс-шара «Тәуелсіз Қазақстанға – 25 жыл!» атты кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.
Шараға қатысушы жастар кештен ерекше әсер алғандықтарын жеткізе отырып, «Мәңгілік Ел» мұратын өлеңмен өрнектеп, жүрекжарды жыр шумақтарын жырға қоса беретіндіктерін жеткізді.