Шахмат турнирінің қорытындысы
8 шілде күні Абай атындағы кітапханада Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі, қалалық шахмат Федерациясы, Абай атындағы кітапхананың шахмат клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен үш күндік шахматтан ашық қалалық турнирінің қорытынды ойыны ұйымдастырылды.
Жеңімпаз шахматшылар грамоталармен және медальдармен марапатталды.
Жеңімпаздар бірнеше санатқа бөлінді: әйелдер арасында 1-ші орынды А.Калиханова., 2-ші орынды–А.Бахытбек; жасөспірімдер арасында 1-ші орынды Садуақасов Д, 2-ші орынды – Абузяров А, 3-орынды ағайынды егіздер Б.О. Манарбековтар, ардагерлер арасында 1-орынды – Степанов В., 2-ші орынды-Лукин М., 3-ші орынды – Д.Тұрағұлов жеңіп алды. Ең мықты ойыншылар арасында 1-орынды –Карменов Ж., 2-ші орынды – Е. Шәкәрімов иеленіп, жеңімпаз атанды.
Шәкәрімов Ержан-кітапханамыздың тұрақты оқырманы және шахмат клубының мүшесі. Өзінің шахмат шеберлігін ол кітапхана қорындағы шахмат комбинациясы кітаптары бойынша зерттеп шыңдады.