Ел үшін елжіреген жүрек: кітап көрмесі
Белгілі жазушы, драматург, аудармашы, Халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Бүкіләлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі, жерлесіміз Роллан Шәкенұлы Сейсенбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай, 5 қазан күні Абай атындағы кітапханада «Ел үшін елжіреген жүрек» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Отанымыздың рухы мен мәдениеті үшін барын салған, қазақ мәдениетінің алтын сөресіне әлем әдебиетінің 200 томдық кітаптарын ұсынған көрнекті жазушы, баспагер Роллан Сейсенбаевтың ерен еңбегін ұлықтау, шығармашылығын насихаттау.
Аталмыш тақырыптағы кітап көрмесіне 25-тен аса жазушының қаламынан туған шығармалары, ол туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінен құнды мәліметтер оқырман назарына ұсынылды. Атап айтсақ: «Өмір сүргің келсе», «Сағынтып жеткен жаз еді», «Тау басында түйіскен жол», «Түнгі диалог», «Тоска по отцу, или день, когда рухнул мир» повестер мен әңгімелер жинағы, «Если хочешь жить», «Всего одна ночь», «Заблудившийся крик» («Трон сатаны»), «Лестница в никуда» кітаптары мен мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар қалың оқырман қауымға ұсынылды. Көрме қазан айының соңына дейін жалғасады.