2015 жылдың 19 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми экспедиция зерттеушілері түсірген «Тарбағатайдың таңбалы тастары» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті.
17 қарашада оқу залының ұйымдастырумен қаладағы «Авиценна» колледжі және М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің білім алушыларына Ахмеди Ысқақовтың өмірі мен шығармашылығынан ақпараттар беретін іс-шара өткізілді.
17 қарашада Абай кітапханасның қызметкерлері «Исток» ҚБ балалар мен жастар шығармашылық орталығының 15-жылдығына арналған мерейтойлық салтанатқа қатысып қайтты.
2015 жылдың 13 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері мен А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қызмет орталығының жетекшісі Н.Б.Харламовамен шеберлік сыныбы өтті.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Интернет орталығында 2015 жылғы 9-13 қараша аралығында «Компьютер негіздерін меңгеру» атты тренинг өткізілді.
2015 жылдың 13 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейінің 75 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып әріптестерін құттықтап қайтты.
13 қарашада Абай кітапханасы қызметкерлері қаладағы Ш.Уәлиханов атындағы көше бойында қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы және ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 180-жылдығына орай «Далалы өлкені зерттеуші» атты библиокруиз ұйымдастырды.
11 қараша күні Абай атындағы кітапханада БҰҰ 70-жылдығына арналған онлайн орталығы бұрышың ашылу салтанаты БҰҰДБ ШҚО бойынша үйлестірушісі Ж.Ж. Жыбыраева мен Ішкі саясат бөлімінің басшысы А.С.Садырбаевтардың қатысуымен өтті.
11 қараша күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері №8 балалар үйінде «Алғыс айту» күніне орай ойын викторина өткізді.
9 қараша күні Абай атындағы кітапхананың «Өнер өлкесі» клубының аясында «Танцемания» танымдық би мүшелеріне арналған «Армысың, алтын күз!» атты күзгі бал кеші өтті.
Үсіміздегі жылдың қараша айының 5-6 жұлдызы аралығында біздің кітапханадан Бородулиха ауданына қарасты Михайличенково және Жезкент ауылдық кітапханаларының кітапханашылары кәсіптік біліктіліктерін шыңдау және жаңа инновациялық технология жетістіктерін кітапхана ісіне енгізу мақсатында стажировкадан өтті.
2015 жылдың 2-6 қараша аралығында кітапхана пайдаланушылары үшін «Интернет және электронды пошта» тегін оқыту тренингі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында өтті.
Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері 3 қараша күні Семейдің №8 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Цирк деген – бір өнер»: атты видеосабақ өткізді.
30 қазанда Абай атындағы кітапхананың шетел әдебиеттер бөлімінде ағылшын тілі студенттеріне арналған «Хэллоуин, Барлық әулиелер кеші» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
2015 жылдың қазан айының 28- ші жұлдызында Семейдің Абай атындағы әмбебап кітапханасы директорының лауазымына Жігітбаева Гүлнар Талғатқызы тағайындалды. Жаңа жетекшіні ұжымға ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының міндетін атқарушы Р.Қ. Нұрмұханова таныстырды.
28 қазан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Шығыс Қазақстан облыстық Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдыстыруымен, Тарбағатай аудандық кітапханасында өткен «Мемлекет басшысының Ұлт жоспары- бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы» аясында өтеткен аймақтық кітапханашылар семинарына қатысып қайтты.
2015 жылдың 28 қазанында кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Семей қаласы, «Бизнес колледжі» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ибраев Нұрлан Балқашұлымен бірлескен түрде «Бір ел, бір-кітап» акциясы аясында «Көшпенділерді жастар жарыса оқиды» атты қалалық колледждер арасында байқау ұйымдастырды. Байқау …
Біздің кітапханада 28 қазан күні «Жан серігім гитара» атты Н.Өнербаев, Г.Ақүрпекова, Т.Досымов шығармашылығына арналған хит-парад өткізілді.
