Армысың, алтын күз: әдеби –сазды кеш
9 қараша күні Абай атындағы кітапхананың «Өнер өлкесі» клубының аясында «Танцемания» танымдық би мүшелеріне арналған «Армысың, алтын күз!» атты күзгі бал кеші өтті.
Шарада жыл мезгілінің ең тамаша айы – күз айына арналған ақындардың өлеңдері оқылып, конкурстар, викториналық сұрақтар мен ойындар өткізілді. Белсенді қатысушылар сылықтарға ие болып, алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді. Күзгі бал қатысушыларға тамаша көтерінкі көңіл күй, қуанышты сезім сыйлады.
Шараға арнайы ұйымдастырылған «Алтын күз» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, видео–бейнелер, слайдтар көрсетілді. ТВК-6 телеарнасының «Атқан таңға ақ тілек» бағдарламасына кітапхана қызметкері А.К.Майкенова мен үйірме мүшесі Қайырбекова Сара апай қатысып, өткізілген шара жайында сұхбат берді.