2014 жылдың 26 тамызында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Конституция күніне орайластырып, қарттар үйінің тұрғындарына арнап, «Ата Заң – қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында дәріс сағатын ұйымдастырды.
2014 жылдың 21 тамызында Абай атындағы кітапхана «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» тақырыбында аймақтық байқауға қатысты. Бұл байқау «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ-нің ұйымдастыруымен Өскемен қаласында өткізілді.
2014 жылдың 20 тамызында Абай атындағы кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Объектив» фотоклубы аясында «Фотосуреттегі табиғи және жасанды жарық» ақпараттық сағаты өткізілді.
Абай атындағы кітапханада 2014 жылдың 20-шы тамыз күні пайдаланушылар мен қала тұрғындарына «Ядросыз әлем – жаһандық қауіпсіздік кепілі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2014 жылдың 17 тамызы күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында Француз саяхатшылары Мичел Гайлетон, Роберт Гайлетон, Жоли Даниел, Жоли Мартин қонақта болды.
Абай атындағы әмбебап кітапханасында ұлы Абайдың 169 жылдық мерекесі қарсаңында 2014 жылдың 14 тамызы күні Астана қаласынан келген Германия Федеративтік Республикасы елшілігінің бірінші хатшысы Джонни Крамер қонақта болды.
2014 жылдың 13-14 тамызы күндері Абай атындағы әмбебап кітапханасында Американың Мәдениет дипломаты, «Компани Е» компаниясының бас директоры, Смитсон университетінің арнайы өкілі Пол Гордон Эмирсон мен аудармашысы А.Райымжанова болашақта Вашингтонда өтетін «Әлем Абайды тануы керек» жобасына мәліметтер жинау мақсатында іс-сапарда болды.
2014 жылдың 6 тамызында Абай атындағы кітапхана Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Қалалық мәдениет сарайымен бірлесіп, қазақтың Ұлы ақыны, ойшыл, философ Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Абай ескерткіші алаңында «Абай Құнанбаев – ұлтымыздың рухани мақтанышы» атты әдеби- сазды кеш …
Абай атыңдағы кітапханасында 2014 жылдың 5 тамызында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Объектив» фотоклубы аясында «Фотосуреттегі экспозиция» ақпараттық сағаты өткізілді.
2014 жылдың 5 тамыз күні Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттері бөлімінде халықаралық жастар күні қарсаңында «Жастар біздің болашағымыз» атты ақпараттық сағат өткізілді.
2 тамыз 2014 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Әлемге танылған тұлға» атты көрме-шолу ұйымдастырылды. Іс-шара «Нұр Отан» партиясының кезекті семинарына қатысушыларына арналған.
30 шілде 2014 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Абай рухани орталығында кітапхана пайдаланушыларына далалы өлкені зерттеуші, тарихшы, этнограф Н.Я. Коншинның туғанына 150 жыл толуына орай «Н.Я.Коншин – далалы өлкені зерттеуші» атты ретро көрме-шолу ұйымдастырылды.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімінде 2014 жылы 23 шілде күні ұйымдастырылған «Киіз басу – ши тоқу» кәсіби шеберлік классы «Шебер қолдар» үйірмесінің жарты жылдық қортындылау кешіне арналды.
2014 жылдың 23 шілдесінде Абай атындағы кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Объектив» фотоклубының аясында «Сапалы фотосурет жасаудың ережесі» атты кезекті тренинг өткізілді.
Абай атындағы кітапхана 2014 жылы 18 шілде күні «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбында фото-суретті көрмесі ұйымдастырды. Танымдық фото-сурет көрмесі жазғы саяхатшылар мен демалушы қала тұрғындарына, кітапхана пайдаланушыларына арнайы ұсынылды.
2014 жылдың 16- шы шілдесінде Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Шәкәрм Құдайбердіұлының туғанына 156 жыл толуына орайластырып «Шәкәрім шығармашылығы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
2014 жылы 15 шілдеде Абай атындағы кітапханада пайдаланушылар назарына «Діни сенімділік және діни бірлік» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
11 шілде 2014 жылы «Біздің қаламыздың көшелеріне берілген есімдер» акциясы шеңберінде Абай атындағы кітапхана ұлы ойшыл, ақын, аудармашы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күніне орай «Кел жастар, біз бір түрлі жол табайық» библиодаңғыл дайындады.
