Ата Заң – қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі: дәріс сағаты
2014 жылдың 26 тамызында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Конституция күніне орайластырып, қарттар үйінің тұрғындарына арнап, «Ата Заң – қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында дәріс сағатын ұйымдастырды.
Кітапхана қызметкерлері Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жыл бойғы дамуындағы бүгінгі жетістіктерінің баршасы Ата Заңымыздың тиімділігін анық айқындап отырғандығын және Ата Заңымызды құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы екендігі жайында қарттар үйінің тұрғындарына ақпараттар берді.
Іс-шара слайд көрсетілімімен жалғасын тауып, кітапхана атынан қарттар үйінің бірнеше тұрғындарына кітаптар сыйға берілді.