Құрметті пайдаланушылар! Кітапханамызда 2015 жыл 15 желтоқсанға дейін ”ПОЛПРЕД Обзор СМИ” дерекқорының ақысыз қызмет көрсету мүмкіндігі ұзартылды.
4 маусым 2015 жылы кітапханадағы Абайдың рухани орталығында оқырмандарға ірі қоғам қайраткері, дәрігер, журналист, алаш арысы, қуғын-сүргін құрбаны Жұмағали Тілеулиннің туғанына 125 жыл толуына орай алаштану оқуы өтті.
Абай атындағы кітапхана қызметкерлері оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында түрлі тақырыптарға арналған тақырыптық шаралар өткізуді бастап кетті.
2015 жылдың 4 маусымында Семей қаласындағы Абай атындағы кітапхана ұжымы қалалық акиматтың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, сағат он бірде барлық қазақ еліндегідей қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.
2015 жылдың 4 маусымында Абай кітапханасы қызметкерлері ҚР рәміздері күніне орай Қарттар үйінің тұрғындарына «Рәміздер елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты тақырыпта ақпараттық сағат ұйымдастырды.
2015 жылдың 2 маусымында кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Рәміздер – тәуелсіздік белгісі» тақырыбында рәміздер күніне орай, көпшілік кітапхана пайдаланушыларына арнап, көрме –шолу ұйымдастырылды.
1 маусым күні балаларды қорғау күніне арналған «Исток» қоғамдық бірлестігімен бірлестіп мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған фестиваль ұйымдастырылды.
31 мамыр күні Абайдың рухани орталығында оқырмандарға ұлтымыздың жарқын болашағы үшін күрескен 37-нің құрбаны Мұхамедхан Сейітқұловтың туғанына 145 жыл толуына орай «Әкелі балалы Мұхамедхан Сейітқұлов пен Қайым Мұхамедхановты еске алу» атты танымдық сағат өтті.
28 мамыр 2015 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Алаш ақиығы – Жұмағали Тілеулиннің туғанына 125 жылдығына» арналған алаштану оқуы ұйымдастырылды. Іс-шара кітапхана пайдаланылушыларына арналған.
Компьютер негіздерін меңгеру: тренинг. Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Интернет орталығында 2015 жылғы 20-29 мамыр аралығында «Компьютер негіздерін меңгеру» атты тренинг көз-жанары нашар көретін азаматтарға өткізілді.
27 мамыр күні шетел әдебиеттер бөлімі қызметкерлері АҚШ елінің ұлттық мейрамы Еске алу күні-Memorial day арналған ақпараттық сағат өткізді.
27 мамыр күні кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері қарттар мен мүгедектер үйінің тұргындарына арнап, ХХ ғасыр басында қазақ халқының өмiрiне етене араласып, өзiнiң идеясымен, қайраткерлiгiмен көзге түсiп, патша саясатына қарсы күрескен, азаматтарымыздың бiрi – Мұстафа Шоқайдың туғанына 125 жыл …
22 мамыр күні Абай атындағы кітапханада медицина қызметкерлері мерекесі күніне қарсы «Денсаулық шексіз» атты пікірталас ұйымдастырылды.
Lorem Ipsum is simply dummy text of the printing and typesetting industry. Lorem Ipsum has been the industry’s standard dummy text ever since the 1500s, when an unknown printer took a galley of type and scrambled it to make a …
2015 жылдың 22 мамырында Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі қазақ жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің шығармашылығына арналған «Тарихи жанрдың шебері» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2015 жылдың 21 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, қазақ мемлекетінің көне қалаларының бірі – Семей тарихына байланысты «Түрік-қазақ қалалары: Семей – көне түрік қаласы»: атты ақпараттық- танымдық сағаты өткізілді.
20 мамырында кітапханада «Дәстүрлі дін және ұлттық құндылықтар» атты дөңгелек үстел өтті.

