Еске алу күні-Memorial day: ақпараттық сағат
27 мамыр күні шетел әдебиеттер бөлімі қызметкерлері АҚШ елінің ұлттық мейрамы Еске алу күні-Memorial day арналған ақпараттық сағат өткізді.
Атаулы мейрам Америка елінде мамыр айының соңғы дүйсенбісінде 1971 жылдан бастап кең көлемде тойланып келеді. Америка халқы соғыстарда және түрлі қарулы қақтығыс кезінде қайтыс болған Америка жауынгерлерін жауынгердердің зираттарына және әскери монументтерге барып еске алады, әр-түрлі спорттық, мәдени іс-шаралар, пикнитер ұйымдастырады.
Аталмыш іс-шарада слайд арқылы ақпараттар беріліп, мейрамның тарихымен маңызы түсіндірілді. Қатысушылар өздері алған ақпаратты қорытындылай келе бұл екі ел арасындағы күндер ұқсастығы, яғни, Қазақстанда «31- мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» екендігін де атап өтті.