Құрбан айт – игілік пен мейірімділік мерекесі: кітап көрмесі
29 тамыз күні Құрбан айт мерекесіне орай Абай атындағы кітапханада «Құрбан айт – игілік пен мейірімділік мерекесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Құрбан айт мерекесі адамдардың бір-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн. Егемен ел атанған көпұлтты мемлекетіміз өткен жылдар ішінде дүниежүзінің қалың жұртшылығына жан-жақты жаңарған, экономикасы серпінді дамыған, өсіп-өркендеу мүмкіндігі мол, діні мен тіліне қарамастан барша адамзат баласын бауырына басқан еңселі мемлекет ретінде танылды. Олай болса үш күн бойы аталып өтілетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше. Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы жаратушы Иеміз-Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міксін жандарға қамқорлық көрсетеді.
Көрменің мақсаты: Құрбан айт мерекесінің қасиетін түсіндіру және адамдарды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Көрмеде «Ислам ынтымақ пен бірлік жолында», «Мұсылмандық қағидалары», «Дін мен Дәстүр», «Бала тәрбиесі бесіктен басталады», «Ислам қағидалары» және мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар ұсынылып, шолу жасалынды.
Құрметті бауырлар! Құрбан айтта Ұлы Алла тағала барша ниеттеріміз бен тілектерімізді қабыл етсін! Құрбан айт мерекесі құтты болсын!