Жаңа кітаптармен жүздесу: кітап көрмесі
Абай атындағы кітапханада 5 қыркүйек күні «Жаңа кітаптармен жүздесу» тақырыбында кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарға кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға қызмет көрсету бөліміне жаңадан келіп түскен кітаптарға шолу жасап, әдебиеттермен қатысушыларды жақынырақ таныстырды.
Оқырман «Pocketbook» және «Эксклюзивная классика» серияларымен жарық көрген Джонатан Сафран Фоердің «Жутко громко & запредельно близко», Чарльз Буковскидің «Письма о письме», Тони Парсонстың «В краю солнца», Шарлотта Бронтенің «Джен Эйр», Харпер Лидің «Убить пересмешника», Уильям Голдингтің «Воришка Мартин», Олдос Хакслидің «Двери воприятия. Рай и ад», Фрэнсис Скотт Фицджеральдтің «Великий Гэтсби», Аркадий и Борис Стругацкиилердің «Град обреченный» шығармаларымен таныса алады. Антиутопиялық, фантазиялық жанрдағы жазылған Сьюзен Коллинздің «Голодные игры», Вероника Роттың «Дивергент», Джордж Р.Р. Мартиннің цикл «Песнь льда и пламени», Джон Р.Р. Толкиеннің «Властелин колец», Стиг Ларсонның «Девушка с татуировкой дракона», Джеймс Дэшнердің «Бегущий в лабиринте» шығармалары пайдаланушылардың қызығушылығын тудырды. Бұдан басқа Николас Спаркс, Паоло Коэльо, Айн Рэнд, Дэн Браун, Эрих Мария Ремарк сияқты авторлардың шығармалары ұсынылды. Кітап көрмесіне барлығы 183 кітап ұсынылды.