Отбасы менің өмірімде: танымдық сағат
15 қыркүйек күні Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері Төлебай Аманов атындағы №16 ЖББ мектептің 9 «Б» сынып оқушыларына Қазақстандағы Отбасы күніне арналған мерекеге байланысты «Отбасы менің өмірімде» атты танымық сағат өткізді. Кітапханашылар оқушыларға отбасылық құндылықтар, жанұя адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екендігін және отбасындағы жайма-шуақ көңіл күйдің маңыздылығы туралы ақпараттар берілді.
Оқушыларға берілген мәліметтерден кейін балалар отбасындағы көңіл–күйдің, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығы адамның болашақ өміріне тікелей байланысты екендігін сезінді. Әбілмәжинова Балғын өзінің отбасы мүшелерінің тату-тәтті, бақытты өмірі туралы айтып берді. Шара барысында балалар отбасы туралы өздерінің ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, отбасы тақырыбына мақал- мәтелдер мен нақыл сөздерді жақсы білетіндіктерін көрсетті. Қатысушыларға тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.