• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қазақ әнінің құлагері: виртуалды көрменің тұсаукесері

Қазақ әнінің құлагері: виртуалды көрменің тұсаукесері

  • 20.09.2017

2017 жылы 20 қыркүйек күні Абай атындағы обыстық әмбебап кітапханада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында қазақ әнінің құлагері атанған өнер дүлдүлі Мәдениет Сейітжанұлы Ешекеевтің өнерімен көмкерілген ғибратты ғұмырын айшықтайтын «Қазақ әнінің құлагері» атты виртуалды көрменің тұсаукесері өтті. «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасының» ресми сайтына орналастырылған көрме «Өмірдерек», «Әншілік өнердің дарабозы», «Жазылар естеліктер мен туралы» т.б. сынды 10 бөлімнен тұрады.

Он екісінде қолына домбыра алып, он төртінде топ алдына шығып, он тоғызында Жүсіпбек Елебековтей әншіліктің асқан сарапшысына шәкірт болған Құрманқожа ауылының түлегі, жерлесіміз Мәдениет Ешекеевтің өнер жолы мен өмір деректері туралы 1978 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін жарық көрген кітапханамыздың қорында сақталған мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған М.Есболатова, Ж. Қамбаров, Қ.Кәкімұлы, Б.Елеуғожин, Т.Ибрагимов, З.Кеңесқызы, Қ.Шәкербайқызы сынды өнертанушылар мен журналистер мақалаларының толық мәтіні ұсынылды. Белгілі ақындар Т.Әбдікәкімов, М.Оспанов және басқа да ақындардың бекзат өнер иесі М.С.Ешекеевке арнаған арнау өлеңдері орналастырылды.

Есімі республиканың алтын кітабына жазылған Қазақстанның халық әртісі М.С.Ешекеевтің өмір жолында, өнер жолында сапарлас болған көз көргендер жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы Тұрсын Жұртбайдың және өнертанушылар Қ.Кәкімұлының мен А.Бейсенбекұлының, және әншінің замандастары мен әріптестерінің естелік-бейнежазбалары көрменің «Жазылар естеліктер мен туралы» бөлімінде берілген. Көрменің «Мәңгі бейне» айдары Арқаның дәстүрлі әндерін тек қазақ халқына ғана емес, күллі әлемге танытқан өнер тарланы М.С.Ешекеевтің суреттерімен дидарластырады. Сондай-ақ, көрмеден әншінің жеке басына қатысты құжаттардың көшірмесі мен ақын Ш.Әбеновтей көркем сөз зергерлерінен бастап ғалымдар мен өнертанушылардың Арқа серісі М.Ешекеевке арнаған қанатты сөздері жарияланған. Көрме қоры алдағы уақытта үнемі толықтырылып отырады.

Кешке зиялы қауым өкілдері, әншінің қызметтестері Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның әншілері, М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында әншінің замандасы Қ.Ахметұлы, әріптестері А.Бейсенбекұлы, Б.Үдербаева сөз алып, Мәдениет Сейітжанұлы туралы өздерінің жүрекжарды лебіздерін айтып, кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Әншінің әріптесі болған дәстүрлі әндерді орындаушы Қ.Қалимолдин М.Ешекеев орындаған әндерді орындап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік : ақпараттық сағат
15жел.2025
Ғасырлар тоғысындағы Тәуелсіздік: дәріс-пікірлесу
15жел.2025
13 желтоқсан – Алаш Орда үкіметінің құрылған күні: ақпараттық сағат
12жел.2025
Ел таныған тұлғалар: шығармашылық кездесу
12жел.2025
«Абай жолы» кітапханасы жобасы: кітаптар тұсаукесері
12жел.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now