М.О.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы»: оқырмандар конференциясы
2017 жылдың 27 қыркүйегінде М.О.Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай жазушының «Қараш-қараш оқиғасы» повесі бойынша оның әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, жазушы өмірін келешек ұрпаққа үлгі ету және хикаятының мазмұнымен таныстыру, шығарманың басты кейіпкері Бақтығұлдың ісәрекетіне баға беру мақсатында оқырмандар конференциясы өтті.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студентері және М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері повестің тарихилығы, көркемдік шешімі, Бақтығұлдың өмірдегі прототипі және «Қараш-қараш оқиғасына» заманауи тұрғыдағы көзқарастарын білдіріп, қызу ойталқыға салды. Сонымен қатар жазушы өмірі мен шығармашылығының тарихи тізбесіне арналған ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан алынған «Мұхтар әлемі» аты виртуалды көрмесіне шолу жасалынды, жазушының ұшқыр қаламынан туған шығармалары мен ғылыми еңбектері, мақалалары жайлы ақпарат беретін «Қазына қалдырған қаламгер» атты кең көлемді иллюстративті кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылып, шолу жасалды.
Шараға БАҚ, қаламыздың зиялы қауым өкілдері, журналистер, студенттер, кітапхана пайдаланушылары қатысты.