Семей Географиялық бөлімшесіне – 115 жыл
2017 жылдың 28 қыркүйегінде Абай атындағы әмбебап кітапхана мамандары Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде өткен «Қазақстандағы география ғылымының дамуы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып қайтты.
Жиынның мақсаты – Императорлық Орыс Географиялық Семей бөлімшесінің тарихы және айрықша өзекті әлемдік тақырып болып отырған қазіргі таңдағы географияның негізгі мәселелерін талқылау, сонымен қатар жер шарының барлық континентттеріне әсер ететін ғаламдық климаттың өзгеруі, қоршаған оршаған ортаны қорғау және тиімді пайдалану, ландшафтардың шөлейттенуі, оның алдын алу мәселелері жайында талқыланды. Шараға Мәскеу, Барнауыл, Ташкент, Омск және Астана, Алматы, Ақтөбе, Семей жоғары оқу орындарының профессор- ғалымдары қатысты.
Абай атындағы әмбебап кітапхана тарапынан «Семей Географиялық бөлімшесі және қазақ зиялылары» туралы Ж.Ә.Манжибаеваның баяндамасы ұсынылды. Жиынға қатысқан шетелдік ғалымдар Географиялық қоғамның Семей бөлімшесінің заманында шығарған жинақтардан ұйымдастырылған «Өлке тарихы» атты кітап көрмесімен танысып, қызығушылық ой-пікірлерін білдірді. Соңында шетелдік ғалымдар кітапханаға өздерінің шығарған кітаптарын ризашылықпен сыйға тартты.