Латын қарпіндегі басылымдар Абай атындағы кітапхананың сирек қорында: ретро-көрме
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері 26 қазан күні кітапханамыздың құнды қорын құрайтын, 200-ге жуық латын қарпінде басылып шыққан сирек басылымдардан жинақталған «Латын қарпіндегі басылымдар Абай атындағы кітапхананың сирек қорында» атты ретро-көрмесін А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана оқырмандарына ұсынып қайтты. Шараға қатысушылар жазушылар, ШҚМТУ-нің ұстаздары, БАҚ, студенттер және кітапханашылар.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ретро-көрмеде қоғамдық-саяси, халық ағарту ісі, тіл білімі, жаратылыстану, денсаулық сақтау, ауылшаруашылық, әдебиеттану, тарих ғылымдары, көркем әдебиет ғылым салалары, татар тіліндегі кітаптар мен мерзімді басылымдарды ұсынылды. Оның ішінде оқырмандар Ә.Ермековтің «Ұлы математика курсы» (1935ж.), А.Мамытұлының «Денсаулық жолында» (1935 ж.), Т.Шонанұлының «Орыстарға қазақ тілін үйреткіш» (1931ж.), Таңқыбай (І.Жансүгіров) «Құқ: сатиралық әңгімелер жинағы» (1935 ж.), т.б. басылымдарға назар аударды.
«Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхананың сирек басылымдар қорындағы латын қарпіндегі басылымдар» тақырыбында ұйымдастырылған презентация көрсетілімі мен кең көлемді кітап көрмесіне жасалған библиографиялық шолу оқырмандар көңілінен шығып, соңынан пікір алмасулар болды.
Қазақ-Америка Еркін универсиеті ұстазы Тұрғымбаева Нұрсұлу «Жаңа латын әліпбилерінің нұсқалары» тақырыбында оқушысын ғылыми баяндамаға дайындап жатқанын, осы шара арқылы көп дүниелер алғанына ризашылық білдірді. «Дидар» облыстық газетінің журналисі де өзіне қажетті сұрақтарына жауап алғанына өзінің жүрекжарды пікірін айтты. Шара қонақтары болашақта осындай құнды дүниелер таныстырыла берсе деген ұсынысын білдірді.