Күздің алтын жапырақтары: шеберлік класс
21 қараша күні Абай атындағы кітапханада «Шебер қолдар» үйірмесі аясында «Күздің алтын жапырақтары» тақырыбында шеберлік класы өтті.
Шараға мектеп оқушылары, аппликация және басқада табиғат материалдарынан бұйымдар жасау өнеріне қызығушылық танытып жүрген кітапхана пайдаланушылары қатысты.
Күздегі кепкен жапырақтардан аппликация жасау сабағы балаларды табиғатты сүюге, аялауға және де табиғат материалдарынан көптеген туындылар жасауға болатынын үйретуге бағытталған.
Шараға қатысушыларға күздегі кепкен жапырақтар мен гүлдерден бұйымдар жасаудың технологиясы туралы мағлұматтар берді, сондай-ақ жапырақтарды жапсырудан аппликация жасаудың қыр-сырлары таныстырылды.
Шеберлік сабағы барысында үйірмеге қатысушылар өз қолдарынан біренеше бұйымдар жасап шығарды. Атап айтқанда күздің алтын жапырақтарынан «Теңіз астындағы тамаша көрініс», «Үрпек балапан», «Ормандағы үкі», «Құмырадағы гүл», «Алтын балық», «Судағы қайық», «Жеміс көтерген кірпі», «Аққайың, «Көбелек», «Әдемі қыз» сияқты тамаша туындылар дүние келді. Аталмыш тақырыпқа қатысты әдебиеттерден кітап көрмесі мен жасалған бұйымдардан көрме жасақталып, слайд көрсетілімі ұсынылды.