Ғасырдың ғаламат ақыны: кітап көрмесі
Мұхтар Шахановтың туғанына 75 жыл толуына орай Абай атындағы кітапханада «Ғасырдың ғаламат ақыны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Техникалық және гуманитарлық-заң колледждерінің студенттері ақынның өмірі және шығармашылығымен кеңінен танысты. Көрмеде ақынның шығармашылығы жайлы және әр жылдарда жарық көрген кітаптары ұсынылды.
Мұхтар Шаханов көптеген өлең кітаптарының авторы ғана емес, оның қаламынан прозалық шығармаларда жазылды. Айта кетер болсақ, Шыңғыс Айтматовпен бірігіп жазған «Құз басындағы аңшының зары», «Сократты еске алу түні немесе миғүла терісі үстіндегі сот» драмалары республикамызда және шетел театрларының сахна төрінде сәтті қойылды. М.Шахановтың «Өркениеттердің адасуы» поэмасы, програссивті батыс жазушылары «Еуропалық үшін найзағайлы шар» аталып кеткен шығармасы көптеген тілдерге аударылып, азғантай уақыт ішінде бүкіл әлемге танылды. Студенттер ақын жайлы көптеген мәліметтерді қызығушылықпен тыңдады.
Кітап көрмесіндегі деректер оқырман қауымды М.Шахановтың қоғамдық қызметтерімен де таныстырды. 1993–2003жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, «XXI ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының Президенті, «Жалын» журналының бас редакторы, ҚР-ның Халық депутаты.
1997 жылы өзінің поэтикалық шығармаларындағы гуманистік көзқарасы үшін Орталық Азияның жүректі адамы ретінде танылды. 2000 жылы «ең көп оқылатын ақын» ретінде «Тарлан» премиясымен марапатталды. Түркияның Гебзе қаласында Түркі тілдес халықтар арасындағы «ең үздік әлем ақыны» сыйлығы берілген. 2002 жылы «Жазагер жады космоформуласы» шығармасы үшін А. Эйнштейн атындағы алтын медалімен марапатталған.