Елін сүйген – Елбасы: ақпараттық сағат
2017 жылдың 28 қарашасы күні оқу залында тәжірибеден өтіп жүрген Көпсалалы колледждің кітапхана бөлімінің студенттері 1 желтоқсан Президент күніне орай, Елбасының жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, Мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырмандарға дәріптеу мақсатында «Елін сүйген- Елбасы» атты ақпараттық сағат өткізді.
Шара барысында Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында әлемдік саясаткердің жаңа үлгісін қалыптастырған, еуропалық және азиялық ерекшеліктерді шебер үйлестіре білген Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, қызмет жолына келуі және де халыққа кезекті жолдаулары, әлемнің 41 тіліне аударылған елбасының кітаптарына қысқаша шолу жасалды.
Іс- шара барысында «Елін сүйген- Елбасы» атты 3 бөлімнен тұратын кең көлемді иллюстративті кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Көрменің алғашқы бөлімінде Елбасының қарапайым ауылдағы жасөспірім кезінен бастап, ұлт көшбасшысына дейінгі өмір жолы баяндалса, келесі бөлімдерде елбасының қоғам қайраткері ретіндегі еңбегі, очерктер мен естеліктер Президентіміздің қатысуымен мемлекет ішінде және шет елдерде өткен басты іс-шаралар жайлы, сондай-ақ Н.Ә.Назарбаевтың аса маңызды баяндамаларының мәтіндері, түрлі анықтама материалдар қамтылған: «Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности», 1990 жыл мен 2011 жыл аралығындағы сериялық басылымдар, Н.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл», «Бейбітшілік кіндігі», «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Еуразия жүрегінде», «Елбасы сыныптастары», атты жинақтары, «Еркін елдің ертеңі» атты нақыл сөздер топтамалары жайлы толық ақпарат берілді.
Шара соңында Болатова Инабат, Тыныбаева Арманай және Есенғұлова Марал әзербайжан ақыны Камран Мырзаның достық тақырыбына жазылған «Нұрсұлтанның нұрлы жолы» атты жинағынан елбасыға арналған «Елбасы – халық қолдауы», «Отан», «Ұлы адам», «Нұрсұлтан дана» атты өлең жолдарын нақышына келтіре оқыды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолын, саяси, ғылыми және публицистикалық шығармаларын талдауға негізделген бұл ақпараттық сағаттың оқырман үшін дамытушылық, білім берушілік, тәрбиелік маңызы өте зор.