Ақша қар өрнектерін қию жолдары: шеберлік класы
Алда тамаша жаңа жыл мерекесі таяп келеді. Осыған орай 21 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада «Шебер қолдар» үйірмесі аясында «Ақша қар өрнектерін қию жолдары» тақырыбында шеберлік класы өтті.
Шараға қолөнер бұйымдарын жасау өнеріне қызығушылық танытып жүрген мектеп оқушылары, кітапхана пайдаланушылары және ктіпханадан тәжірибеден өтіп жүрген Семей көп салалы колледжінің студенттері қатысты. «Шебер қолдар» үйірмесінің кезекті сабағында кітапханамыздың жас маманы Бүркітова Лаура түрлі-түсті матадан жаңа жылдық сыйлықтарды, шыршаларды және басқа да бұйымдар жасаудың технологиясы туралы мағлұматтар берді. Сондай-ақ, түрлі-түсті қағаздардан аппликация жасаудың қыр-сырларымен таныстырды.
Шарамызға қатысқан Семей көп салалы колледжінің Тыныбаева Арманай түрлі-түсті қағаздардан қаршалар қиып шеберлік тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік сабағы барысында үйірмеге қатысушылар өз қолдарынан біренеше бұйымдар жасап шығарды. Атап айтқанда түрлі-түсті маталар мен қағаздардан «Жасыл шырша», «Жаңа жылдық ойыншықтар», «Ақ үрпек қарша», «Шырша ойыншықтары», «Шағын сыйлықтар» сияқты тамаша туындылар дүниеге келді. Жасалған бұйымдардан көрме жасақталып, жасыл шыршамыз ойыншықтармен безендірілді. «Шебер қолдар» үйірмесінің кезекті сабақтары алдағы уақыттарда да жалғасын табады.