Президент Жолдауын талқылаймыз: экспресс-трибуна
23 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдау шеңберінде, Абай атындағы кітапхана қызметкерлері ұжым арасында «Президент Жолдауын талқылаймыз» тақырыбында экспресс-трибуна өткізді.
Шара барысында кітапхана ұжымына Жолдаудың 10 міндеті түсіндірілді. Елбасы өз баяндамасында адам капиталын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, әлеуметтік мәселелер бойынша бірқатар тапсырмаларды атап өтті. Сонымен қатар, Елбасы экономикалық ахуалды одан ары жақсарту үшін бизнес саласына да айырықша көңіл бөлініп келе жатқанын тілге тиек етті. Болашақ ұрпақ үшін жаңа технологиялар мен заманауи әдістерді меңгеру, білім беру жүйесінің сапасын арттыру, білім алу шеңберін кеңейту Қазақстандық дамудың болашақтағы кепілі болып табылады.
Шара соңында Елбасы жолдауына арналған слайд ұсылынып, Жолдаудың 10 бағыты жайлы бейнеролик көрсетілді.