Үш мәдениеттің тұлғасы: Герольд Бельгерді еске алу: кітап көрмесі
Герольд Карлович Бельгер- жазушы, аудармашы, публицист, қазақ, орыс, неміс тілдерінде шығарма жазушы, ерекше тағдырлы бірегей талант иесі. Герольд Бельгер қазақ тілін жетік меңгерген.Таза сөйлеп қана қоймай,қазақ тілінде жазба жазып, ойы , іс-әрекеті де қазақ тілінде болды. Сондықтан да, Бельгерді қазақ елінің үлгі тұтар ұлы деп айтуға толық құқымыз бар.
9 ақпан күні Қазақстан халықтар Ассамблеясында «Возрождение» БҰҰ ұйымдастыруымен өткен Г. Бельгерді еске алу кешінде Абай кітапханасының ұйымдастыруымен «Үш мәдениеттің тұлғасы» атты кітап көрмесі қойылды.
Кітап көрмесінде Г.Бельгердің, 1941 жылдардағы неміс көшіп келушілерінің қиын тағдырлары туралы жазған шығармалары, қазақ халқының қолдау көрсеткені, осы тақырыпта «Разлад», «Дом скитальца» романдары қойылды. Г.Бельгер қазақ тіліне үлкен көңіл бөлген, осы тақырыпта «Казахское слово» атты мақаласы, «Плетенье чепухи», «Завтра будет солнце» автоөмірбаяны мен күнделік жазбалары қойылды. Қазақ халқының жазушыларына, атап айтқанда: М.Әуезовке, І.Жансүгүровке, А.Нұрпеисовке, Ә.Кекілбаевқа арнап жазған «Брат среди братьев», «Жизнь – эпопея», «Этюды о переводах Ильяса Джансугурова» атты әдеби портреттері көрмеден орын алды.