• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Рухани жаңғыру: рух кәусары «Абай» журналына 100 жыл: мерейтойлық шара

Рухани жаңғыру: рух кәусары «Абай» журналына 100 жыл: мерейтойлық шара

  • 15.02.2018

14 ақпан күні Абай атындағы кітапханада  «Абай» журналының жарық көргеніне 100 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру: рух кәусары Абай журналына 100 жыл» тақырыбында  мерейтойлық шара өткізілді.

Шара қонақтарын «Абай» журналының 1992 жылдан бастап барлық дерлік сандарын қамтыған «Рухани жаңғыру: Қазақ руханиятының айнасы – «Абай» журналына 100 жыл» атты әдебиеттер көрмесі қарсы алды.

Шараға қатысушы кітапхана пайдаланушылары «Абай» журналын 1992 жылы қайта шығаруға қатысқан зиялы қауым өкілдерін көріп, ғибратты әңгімелеріне қанықты.

Еспенбетов Арап Сіләмұлы, «Абай» журналының ақылдастар алқасының мүшесі,  ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор:

2016 жылы Мұхтар Әуезовтың музей үйінен Абай журналының 1918 жылғы №12 санының табылғаны белгілі. Менің қолымда тұрған Алаштың жоғалып табылған мұрасы «Абай» журналының №12 санының кітап түрінде кирилл қарпіне аударылып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қолдауымен «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген нұсқасы. Араб әрпімен таңбаланған журналдағы жарияланымдарды факсимильді және кирилл қарпіне көшірген  нұсқасы небәрі 100 данамен жарық көрген. 1918  жылдың  15 қарашасында шыққан журналдың бұл санында Абай Құнанбайұлының «Есті мен ессіздік парқы» атты қарасөзі,  Мұхтар Әуезовтің «Өліп таусылу қаупі» мақаласы, «Уақ қарыз серіктігінің жалпы ережесі», сондай-ақ,  авторлары белгісіз мақалалар мен бүркеншік есімді ақынның өлеңдері басылған.

Бүгінде менің қолымда журналдың бірнеше сандарының көшірмесі сақтаулы,  бүгінгі әдебиет зерттеушілерінің алдында «Абай» журналының барлық сандарын түгендеп, онда жарияланған басылымдарды саралау жұмыстары тұр.

Мұстафа Илиясов, еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының баспа ісінің озаты: Еліміз Тәуелсіздікке енді ғана қол жеткізген өтпелі кезеңде журнал шығару оңайға түспегені белгілі. Қоғамдық формация ауысып жатқан тарихи кезеңде – 1992 жылы ерлік жасап «Абай» журналын шығарудың ауыртпалығын көтерісіп, іскерлік таныттық. Қаржы, қағаз, бояу, басқа да қажеттіліктерді табу, жеткізу оңайлыққа түскен жоқ. Алға мақсат қойған соң шаршамай талмай шетел асып, келісімдер жасап, абыроймен орындадық. Бастаған істі аяғына дейін жеткізуде қарым-қабілеттерімізді жұмсап, барлық кедергілерді жеңіп, ұйымдасып, жұмыла кіріскеннің арқасында  нәтижеге қол жеткіздік.

Мұхаметқазы Мұхамедиұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, этнограф,  тарихшы ғалым: «Алғашқы саны 900 данамен шығып, шамамен 16-21 беттен тұратын «Абай» журналының атағы қысқа мерзімде ел шеңберінен асып өз  оқырманын тапқан. Шет ел асып, тарыдай шашылған ҚХР, Маңғолия, Түркиядағы қаны  қазақ руханиятын сақтауға сергек қарады. Алаш идеясын таратқан, Тәуелсіздік рухын кемелдендірген «Абай» журналы Қытай еліне алаш зиялылары мен Шәкәрім Құдайбердиевтің ұлы  Зият арқылы  тарап, қолдан қолға өтіп, сүйсіне оқитын,  еліне, туған жеріне сағынышын басатын қадірлі басылым еді. Беделі зор, мазмұны терең «Абай» журналы Тәуелсіз жас Қазақ елінен 1992 жылы Қазақстан Республикасының құрметті журналисі, белгілі қаламгер, кеше көзіміз көрген айтулы тұлға  Ырысхан Мұсаұлының қажырлы еңбегі, зор ұйымдастырушылық қабілеті арқасында, Абайдың 150 жылдық тойы қарсаңында қайта жаңғырып жарыққа шығуы үлкен оқиға болды. Шетелдегі қандастарымыз Абайға қатысты өз ғылыми зерттеулерін журнал бетінде жариялап отырды. Ғалым Жанболат Сұлтановтың «Қытайда Абайдың туыстары бар ма?»- деген тақырыпта зерттеуін жариялады.

Балтабек Ерсәлімов, өлкетанушы, қаламгер, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері:  Әдебиет зерттеушісі, архивтанушы, аса білімді азамат  Байғалиев Бейсенбайдың журнал шығарудағы көмегі  зор болды. Өзім де осы журналға ұлы Абайдың жиені ретінде шығаруда да, мазмұн көркемдігіне де, Абай айналасындағы тұлғаларды насихаттауда да  шығармашылық үлесімді  қостым. Бүгінгі таңда журнал ұлт мүддесі үшін, жұртшылықты адамгершілікке тәрбиелеудегі танымдық-маңызы зор басылым.

Оспанов Мұратбек  Қабиденұлы «АБАЙ» Республикалық Тәуелсіз фольклорлық-этнографиялық әдеби-көркем журналының бас редакторы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері: Халқымыздың біртуар ұлдары негізін қалаған журнал материалдары зерттеуші-ғалымға да, оқытушы, тәрбиеші-мұғалімге де, студент, талаптанушы жас маманға да ауадай қажет. Сонымен бірге  бүгінгі  замана ағымы, халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы да ұдайы сөз болады. Журнал өз оқырмандарына рухани  азық беретін басылым екеніне сенімім мол. «Абай» журналының бағыт-бағдарын, тыныс-тіршілігін, тұрақты айдарлары мен көтеретін мәселелері өз оқырмандарына кеңінен мәлім. Журналымызды жазып алып оқитын  оқырмандарымыз көбейе түссе нұр үстіне нұр болар еді.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік : ақпараттық сағат
15жел.2025
Ғасырлар тоғысындағы Тәуелсіздік: дәріс-пікірлесу
15жел.2025
13 желтоқсан – Алаш Орда үкіметінің құрылған күні: ақпараттық сағат
12жел.2025
Ел таныған тұлғалар: шығармашылық кездесу
12жел.2025
«Абай жолы» кітапханасы жобасы: кітаптар тұсаукесері
12жел.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now